Astana 42k

One Steppe Beyond

The Astana marathon is an annual sporting event in the heart of Eurasia.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

AYALA.png

Жыл қайырымдылық

«Өмір сыйлайық» жобасы

Қазақстан ауруханаларының балалар бөлімшелерін өмірлік маңызды жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі AYALA қорының республикалық жобасы. Ол 2007 жылы басталып, 15 жыл ішінде 36 қала мен елді мекенді және 67 медициналық мекемені қамтыды.

Жиналған қаражаттың арқасында Қазақстанда он мыңдаған баланың өмірі құтқарылып, жүздеген қазақстандық дәрігерлер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Жоба туралы толығырақ ақпарат төменде көрсетілген.

«Өмір сыйлайық» жобасы

AYALA қайырымдылық қоры жұмысының мақсаты – Қазақстандағы балалар мен бала өлімі мен мүгедектігін азайту. 2007 жылдан бастап жүздеген демеушілердің қолдауымен және он мыңдаған қазақстандықтардың көмегімен біз Қазақстанда 130 мыңнан астам баланың өмірін сақтап қалдық. Біз мұны денсаулық сақтаудағы жүйелі өзгерістер арқылы жасадық.

«Өмір сыйлайық» – Қазақстанның балалар ауруханаларын өмірлік маңызды жабдықтармен жабдықтау жөніндегі AYALA қорының республикалық жобасы осылай аталады. Қазақстандық дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта мерзімінен бұрын туған нәрестелердің 49%-дан астамы ретинопатиямен – көз ауруымен ауырады, бұл шала туған нәрестелерде көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғады. Оларды толық соқырлықтан құтқару үшін күрделі диагностиканы мүмкіндігінше ертерек жүргізу қажет.

Ретинопатия қаупі аурудың ешқандай сыртқы белгілерінің болмауында. Тек мамандандырылған және оқытылған офтальмолог арнайы жабдық – ретиналды камера мен маңдайлық офтальмоскоптың көмегімен осы аурудың ерте пайда болуын көріп, емдеуге жібере алады.

Қазақстанда шала туған балалардың ретинопатиясы салдарынан мүгедектіктің өсуі проблемасының өзектілігі жыл сайын артып келеді. Мұны ҚР Статистика комитетінің 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштері көрсетеді, онда ретинопатияның пайда болу жиілігі 49% құрайды, мұны Африканың ең кедей елдеріндегі сырқаттанушылық көрсеткіштерімен салыстыруға болады.

Шала туған сәбилерді тексеру өмірінің 3-4 аптасында жүргізілуі тиіс. Бұл өте маңызды, өйткені ретинопатияны емдеуде жоғалған уақыт көру қабілетінің толық жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету және балалардың көру қабілетін сақтау үшін Ақмола облысының перинаталдық орталығына (Көкшетау қ.) мынадай жабдықтар орнатылуы қажет:


Біз Қазақстандағы көптеген қайырымдылық  ұйымдарына қолдау көрсетеміз. Марафонда өзіңізге лайықты орынды қамтамасыз ету үшін және осы парақшадағы логотипі  бар өзіңіздің сүйікті қайырымдылық ұйымыңызға/ қорға  қаржы жинағыңыз келсе, тікелей мекеменің өзіне хабарласуыңызды сұраймыз.  Егер біздің тізімде сіздің сүйікті қайырымдылық қорыңыз көрсетілмеген болса, оларды бізбен байланыстырыңыз.

Сондай-ақ, біз қазақстандықтардың арасында жаяу жарысқа деген  қызығушылықты арттырғымыз келеді. Әсіресе ауылдар мен ауылдық мекендерде бұған аса мән береміз және біздің  One Steppe Beyond жобамыз бүкіл Қзаақстан бойынша қысқа арақашықтыққа жүгіруді ұйымдастыруға және оны өткізуге бағытталған.  Өтінеміз, біздің жобаны қолдаңыз және қаражат жағынан қол ұшын беріңіз.

Сіздің көмегіңіз

Copyright © 2023 TOO Astana Marathon Events. All rights reserved