Astana 42k

One Steppe Beyond

The Astana marathon is an annual sporting event in the heart of Eurasia.

ТІРКЕЛУ

Марафон өткізілетін күн – 3 қыркүйек 2023 жыл.

42.2к соңғы онлайн тіркелу күні 1 қыркүйек 2023 жыл.

Эстафета 42.2к соңғы онлайн тіркелу күні 31 тамыз 2023 жыл.

10к соңғы онлайн тіркелу күні 1 қыркүйек 2023 жыл.

Тіркелген қатысушылар жүгірушінің пакетін тек қана Астана Марафон 2023 спорттық көрмесінде ала алады.

Мерзімі: 1 қыркүйек сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жəне 2 қыркүйек күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

Мекен-жайы: «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, Астана, Қазақстан.

Орын саны шектеулі.

Егер сіз оны өзіңіз ала алмасаңыз:

  • сіздің Старттық пакетіңізді өзіңіз тағайындаған сенімді өкіліңіз тиісті құжаттарды көрсету арқылы ала алады, соның ішінде:

  • сіздің Старттық пакетіңізді алып кетуге құқық берілген сенімді өкіліңіздің толық аты-жөні көрсетілген Сіз жазған және қолыңыз қойылған хат.

  • сенімді өкіліңізде сонымен қатар Сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі болуы тиіс (мысалға, төлқұжат немесе көлік жүргізушісі куәлігі).

  • сенімді өкіліңізде штрих-код бар Сіздің тіркелуіңізді растайтын құжаттың көшірмесі, немесе осы растау ұялы телефонында болуы тиіс. Біздің ерікті өкіліміз тіркелу орнында тексеретін болады.

  • сіздің сенімді өкіліңіз өзінің де жеке куәлігінің көшірмесін көрсетуі тиіс (мысалға, төлқұжат немесе көлік жүргізушісі куәлігі);

  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: бір сенімді өкілге 1 ғана Старттық пакетті алуға рұқсат етіледі.

Қажетті жолдарды латынша толтыруды сұраймыз. Дисклеймерді мұқият оқып шығыңыз. Тапсырысты бере отырып, сіз біздің Жалпы Қатысу Шарттарына, Шарттар мен Ережелерге келісетініңізді білдіресіз. Қатысушылардың жасы: 16 және одан жоғары - 10км, 18 және одан жоғары - 42.2км. Қабылдау жасына толмаған балалардың қатысуы қатаң тыйым салынады.

20% жеңілдік:

  • Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясында (ЖАФ) тіркелген спортшылар

  • Қазақстан Республикасының зейнеткерлері (ханымдар 59+, мырзалар 63+); арнайы промокодты алу үшін, ID идентификаторыңыздың сканерленген көшірмесін info@astana42k.com жіберіңіз

  • Мүмкіндігі шектеулі адамдар. Арнайы промо-код алу үшін мүгедектік туралы куәліктің сканерленген көшірмесін info@astana42k.com мекен-жайына жіберіңіз.

Жүгіру клубтары (кәсіби және әуесқойлық, кемінде 5 қатысушы) 5% жеңілдік алады. Нұсқаулар үшін info@astana42k.com -ге хабарласыңыз.

Корпоративтік қатысу үшін арнайы ақы талап етіледі.

Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, электронды пошта арқылы хабарласыңыз info@astana42k.com. Корпоративтік қатысу үшін тиісті жарнаны төлемей «Старт/Финиш» кампусының аумағында және/немесе «Старт/Финиш» аймағында және/немесе Астана марафонының бойында компанияның брендингіне немесе PR-ын жүргізуге жол берілмейді және дисквалификациямен қорқытады.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2023 TOO Astana Marathon Events. All rights reserved